Возрождение аралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Возрождение аралы , Арал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Оны орыс зерттеушісі А.Н. Бутаков 1848 ж. алғаш рет сипаттап жазған. Арал солтүтіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 60 км-ге жуық, абсолюттік биіктігі 93 метр Жер бедері, негізінен, тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Аралда шөлейттік белдемге тән өсімдіктер өседі. Солтүстік-шығысында Возрождение, ортасында Қантүбек елді мекендері орналасқан. Бұрын толығымен Өзбекстан аумағында жатқан арал, теңіз суының тартылуына байланысты аумағы 3 – 4 есе ұлғайды, су астынан аралдың қазақстандық бөлігі пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда арал оңтүстік жағалаумен жалғасып түбекке айналды. Возрождение аралында Кеңес үкіметі кезінде химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Возрождение аралы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

sv:Aralsjön#Ostrov Vozrozjdenija