Вовнянко Игорь Александрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вовнянко Игорь Александрович(14.7.1942 ж.т., Алматы) - кинооператор. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). Еңбек жолын 1958 ж. "Қазақфильм" киностудиясында кинооператордың көмекшісі болып бастаған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969). 1969 -1971 лс. Куйбышев (қазіргі Самара) телестудиясында жұмыс істеді. 1971 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында жұмыс істейді. 2005 жылдан Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы. Қоюшы-оператор ретінде "Ерекше күн" (1971), "Көкжиек" (1973), "Қайдасыңдар, шабандоздар" (1974), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1977), "Жылан жылы" (1982) секілді кинофильмдер мен бірнеше телевизиялық фильмдерді ("Жеңімпаз", 1979; "Қауын", 1982; 4 сериялы "Шоқан Уәлиханов" 1983 - 1985; "Дермене", 1986, т.б.) түсірді. В. сонымен қатар "Қүмшағыл тарихы" (1986), "Австриядағы кездесулер", "Теңіз" (екеуі де 1987) деректі фильмдерінің сценарийін жазды жөне реж. болды. Қазақстан Мейл. сыйл. иегері (1986). Тәуелсіз "Тарлан" сыйл. иегері (2004).<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вовнянко Игорь Александрович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}