Владислав Григорьевич Шкодин
Шкодин Владислав Григорьевич (1940–1996) – химия ғылымының докторы (1991), профессор (1992). Свердловск политехникалық университетін (1963, қазіргі Екатеринбург) бітірген. Свердловск қаласындағы «Унипромедь» кәсіпорнында аға ғылыми қызметкер (1963–1968). Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында жетекші ғылыми қызметкер (1968–1985), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1986–1988) қызметтерін атқарған. 250-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref> Ол физикалық және анорганикалық химия, гидрометаллургия саласындағы маман, химия ғылымдарының докторы (1991), профессор. (1992). С. М. Киров атындағы Орал политехниқалық университетін бітірген (1963). 1963-1968 ж. Свердловск қаласындығы «Унипромедь» аға ғылым қызметкері, 1968-1985 жылдарында ҚазКСР ҒА ХМИ жетекші ғылымнын қызметкері, 1986-1988 жылдарында ҚарМУ физикалық химия кафедрасының меңгерушісі. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер:
<references/>