Владимир Яковлевич Попов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Яковлевич Попов 1936 жылы 5 қарашада Орал облысы Чапаев қаласында туған. Орыс. Әкесі - Попов Яков Арефьевич, марқұм, қызметкер болған. Анасы - Попова-Булавцева Татьяна Михайловна, марқұм, қызметкер болған. А.Н. Островский атындағы Орал драма театры жанындағы студияны (халық шығармашылығы негізінде) (1963), драма ұжымының актер-жетекшісі; хореографиялық курстар, режиссерлық курстарын (Алматы, 1960) бітірген. 1953 жылдан - Орал темір жол бөлімшесінің №7 Жол бөлімшесі жұмыстық жабдықтау бөлімінің кіреші-жүкшісі. 1955 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1959 жылдан - «Қазақ ауылшарушылығы техникасы» облыстық базасы №1 қоймасының қоймашысы. 1963 жылдан бері - А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының актері, сахна шебері. Халық депутаттары облыстық Кеңесінің Зенит ауданындағы депутаты (1987). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1985). II дәрежелі «Достық» орденімен (2002), «Кеңес Армиясының 40 жылдығы» (1958), «Тың игерудің 10 жылдығы» (1964), «Еңбек ардагері» (1988) медальдарымен, «Қайсар» белгісімен (1997) марапатталған. Әскери атағы - сержант. Діни көзқарасы - православиелік. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық және өркендеу». Хоббиі - балық аулау, киімдер пішу және тігу, гүл өсіру. Үйленген. Жұбайы - Попова Светлана Николаевна, зейнеткер. Қызы - Бажина Людмила Владимировна (1966 ж. т.), актриса. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub