Владимир Яковлевич Мирошников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Яковлевич Мирошников 1950 жылы 2 ақпанда РКФСР Краснодар өлкесінің Хадыжинск қаласында туған.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1989) тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
  • 1973 жылдан - «Өзенмұнай» МГӨБ операторы, шебері, аға технологы, мұнай кәсіпшілігі бастығының орынбасары, қабат қысымын ұстап тұру цехының, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы, бірлестіктің бас инженері. 1987 жылдан - «Маңғышлақмұнай» бірлестігі «Өзенмұнай» басқармасы бастығының бірінші орынбасары - бас инженері. 1993 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ бас директорының бірінші орынбасары - бас инженері. 1995 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бірінші вице-президенті - бас инженері. 1997 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз АҚ басқарма терағасы. 1998 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз АҚ басқармасы атқарушы аппаратының мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығы, мұнай және газ ендіру жөніндегі оперативтік-технологиялық басқарманың бастығы. 1999 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ техникалық директоры. 2001 жылдан - «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ жоба менеджері. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры. 2004жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорының бірінші орынбасары, Ақтау қаласындағы жедел басқару тобының жетекшісі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}