Владимир Элизарович Березин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Владимир Элизарович Березин(11.10.1953 жылы туған, Алматы қаласы) - биология ғылымдарының докторы (1988), профессорі (2002). ҚазМУ-дың (1976, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу қаласындағы Вирусология ғылыми-зертеу институтының аспирантурасын (1980) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зертеу институтында ғылыми қызметкер (1976 жылдан), институт директоры (1995-2006), Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының биология және медицина бөлімшесінің академигі-хатшысы (2002-2003) қызметтерін атқарды. Березин 220 ғылыми жарияланымның, 5 патент пен 10 өнертабыстың авторы. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>