Владимир Сергеевич Толстов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Толстов Владимир Сергеевич (1884 – 1956) – әскери қайраткер, генерал-лейтенант Николаевск кавалерия училищесін бітірген (1905). 1-дүниежүзілік соғысқа қатысып, 6-Орал полкінің командирі болды. 1919 ж. Орал қазақ әскерінің атаманы болып сайланған. Астрахан совдепіне қарсы көтеріліп, Орал әскерінің Гурьев тобын басқарған. 1919 – 1920 жылдары Орал армиясының командирі болды. Гурьев түбіндегі ұрыста жеңілген соң, 1920 жылы 5 қаңтарда армиясының қалғанымен, босқындармен (15000 адам) Форт-Александровскіге шегінген. «Ажал маршы» немесе «Қырдағы мұз жорығы» аталған бұл сапарда Фортқа 2000 әскер ғана жете алды. 13 мың адам үсіп, ауырып жолда қаза тапты. Фортқа қызылдардың флоты таяп келген соң Толстов 214 казакпен Красноводскіге (қазіргі Түрікменбашы) қашты. 1920 жылы 22 мамырда 162 казакпен Персия (қазіргі Иран) шекарасынан өтіп, Басра қаласындағы (Иракта) лагерьге орналасты. 1923 – 1942 жылдары Францияда тұрды. 1942 жылы Австралияға кетіп, кәсіпкерлікпен айналысты, мемуар жазды. Сонда «Ажал маршы» кезінде қолын қырған қазақтарға деген кегін «құдай бұрынғы дәуренімді қайтып берсе ең соңғы адайдың қаңқасын Эрмитажға қояр едім» деген сөздерін қағазға түсірген.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Владимир Сергеевич Толстов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}