Владимир Семёнович Маканин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Семёнович Маканин (13.03.1937) − орыс жазушысы.

Өмірбаяны

1937 жылы 13 наурызда Орск қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, Жоғары оқу орындарында сабақ берумен қатар Сценаристтер мен режиссерлердің Жоғарғы курсында оқиды.

Шығармашылық қызметі

1965 жылы алғашқы «Прямая линия» романы , 1971 жылы «Безотцовщина» повесті жарыққа шығады. 1985 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшесі болады. 1987 жылы «Знамя» журналының алқа мүшелігіне кіреді.

Марапаттары

  • 1999 жылы әдебиет және өнер саласы бойынша Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады.
  • Тепфер қорының Пушкин сыйлығының лауреаты.
  • Москва-Пенне сыйлығының лауреаты.
  • «Стол, покрытый сукном и с графином посередине» повесі үшін «Русский Букер» әдеби сыйлығының лауреаты.

Шығармалары

Романдары

  • «Портрет и вокруг»
  • «Светик-роман»
  • «Асан»
  • «Андеграунд, или Герой нашего времени»

Повестері мен әңгімелері

  • «Безотцовщина»
  • «Старые книги»
  • «Антилидер»
  • «Голоса»
  • «Предтеча»
  • «Лаз»
  • «Утрата»
  • «Отдушина»
  • «Один и одна».

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}