Владимир Петрович Трашин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Петрович Трашин - 1943 жылы 17 қарашада РКФСР Волгоград облысында туған. Новороссийск индустриалдық техникумын; Краснодар политехникалық институтын; Неміс құрылыс академиясын бітірген (1992). 1966 жылдан - Енисей өзеніндегі Краснодар ГЭС құрылысында жумыс істеген. 1971 жылдан - КСРО Энергоминистрлігі Ленин орденді «Союзгидроспецстрой» жүйесіндегі Саян-Шушенск ГЭС құрылысында жұмыс істеген. 1975 жылдан - КСРО Энергоминистрлігі Ленин орденді «Союз- гидроспецстрой» бірлестігінің арнаулы жұмыстар бөлімшесінің шебері, бөлімше басшысы. 1980 жылдан - Қазақ арнайы «Казгидроспецстрой» басқармасының бас инженері, 1982 жылдан - бастығы. 1991 жылдан бері - «Гидроспецстрой» АҚ президенті. Колым ГЭС, Дағыстандағы Ирганай ГЭС, Тәжікстандағы Рогун ГЭС, Томь өзеніндегі Крапивинск гидроторабының, Батыс-Сібір, Кузнецк, Кемеров облысындағы Кемеровск ЖЭО, Алтай өлкесіндегі Рубцовск ЖЭО және т.б. жұмыс- тардың орындалуына, сондай-ақ Чернобыль АЭС апатынан кейінгі қалпына келтіру шараларына қатысқан. Азаматтық құрылысқа, тау-кен өнеркәсібіне, Алматы- Астана, Алматы-Бішкек, Ташкент-Ош көлік жолдарының құрылысы мен қайта салынуына қатысты жобаларға, Шығыс Сібірдегі Жаңа Чара-Чиней темір жолының құрылысы бойынша жумыстарға, Ресей мен Өзбекстандағы ГЭС; Ташкент-Ош көлік жолының үлкен қиысындағы көлік жүретін үңгіржолдар, Семей қаласындағы Ертіс өзені астындағы коммуникациялық үңгіржол өткелдері және басқа құрылыстарға басшылық еткен. Жерасты кешендерінің құрылыстары, көптеген керемет ғимараттардың қазықты іргетастары және қоршау құрастырылымдары, Астана қаласындағы «Гранд Алатау» кешені; Көктөбе тау бөк- терлерін бекіту жұмыстарына; Қазақстан-Қытай мұнай құбыры мен газ құбыры құрылысындағы бұрғылау-қопару жұмыстарына; Шульба ГЭС, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Оңтүстік Қазақстан ГРЭС, Алматы ЖЭО-2 және басқаларының құрылысына басшылық жасаған. Оның жетекшілігімен Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-2 бөгетінің шайылуға қарсы торын және пьезометриялық тармағын құру жөніндегі барлық дерлік жумыс көлемі және жерасты кешені құрылысы жұмыстарының ұланғайыр ауқымы атқарылды. Қазіргі уақытта Алматы мен Қызылорда облыстарындағы Батыс Еуропа-Қытай көлік жолының құрылысына; Тәжікс- тандағы Рогун ГЭС құрылысына жетекшілік етеді. «КСРО энергетика және электрификация үздігі», «КСРО құрметті энергетигі», «Украинаның құрметті энергетигі» белгілерімен, ГОЭЛРО жоспары мерейтойының 70 және 80 жылдықтарына арналған естелік белгілермен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub