Владимир Николаевич Уманец
Уманец Владимир Николаевич (2.1.1949 ж.т., Ресей, Алтай өлкесі, Хабарский ауданы Утянка с.) – техника ғылымының докторы (1992), Халықаралық инженер академиясының академигі (1995), Ресей гуманитарлық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (2001). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. «Жезқазғантүстіметаллургия» өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтында инженер, аға инженер (1972–78), КСРО ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тау-кен институтының Краснояр бөлімшесінде кіші ғылыми қызметкер (1978–83), Қазақ КСР-і Геология министрлігінің Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1983–84), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында аға ғылыми қызметкер (1984–89), лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер (1989–2000); 2000 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор қызметін атқарды. «Научно-методические основы комплексной оценки техногенных месторождений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>