Владимир Николаевич Сахнов
1961 жылы 25 сәуірде Целиноград облысы Каменка ауылында туған. Орыс.
Әкесі - Сахнов Николай Иванович, марқұм, радиотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Сахнова Валентина Порфирьевна, зейнеткер.
Бурабай ауылшаруашылық техникумын (1980), құрылыс шебері; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1986), жаттықтырушы-оқытушы.
Орыс, неміс және қазақ (сөздікпен) тілдерін біледі.
1980 жылдан - Қаз КСР Спорткомитетінің шаңғы спортынан нұсқаушы. 1989 жылдан - Бүкілодақтық кәсіподақтары ерікті дене шынықтыру-спорт қоғамының шаңғы спортынан әдіскер. 1990 жылдан - ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас маманы. 1993 жылдан - шаңғы спортынан ҚР Ұлттық командасының аға жаттықтырушы. 1999 жылдан - Көкшетау қаласы ОРМБЖМ директоры. 2003 жылдан - биатлоннан ҚР Ұлттық командасының бас жаттықтырушысы. 2005 жылдан - «Liebert wolkwtz» спортклубының шаңғы спортынан жаттықтырушысы (Германия).
2007 жылдан - шаңғы спортынан ҚР ұлттық командасының жаттықтырушы-кеңесшісі.
Калгариде өткен Олимпиада ойындары эстафетасында күміс жүлдегері (1988); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Оберстдорф, 1987); Әлем кубогының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері (1983-1989); КСРО Халықтары спартакиадасының (1982, 1986) 50 км қашықтықтағы марафондық жарысында және эстафетасында 3 мәрте чемпионы; Ынтымақтас армиялар спартакиадасының абсолюттік чемпионы (1984); 5 мәрте КСРО чемпионы; КСРО Кубогының жеңімпазы (1982,1986); бірнеше мәрте ҚазКСР чемпионы (1985-1989); 50 км қашықтықтағы марафондық шаңғы жарысында КСРО чемпионы.
КСРО спорт шебері (1984). Халықаралық санаттағы спорт шебері (1988).
«Қажырлы еңбегі үшін» мөдалімен (1988); ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының құрмет грамоталарымен марапатталған (1982, 1986).
Әскери атағы - лейтенант.
Діни көзқарасы - православиелік христиан.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Д.А. Медведев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық дамыған, тұрақты, демократиялық мемлекет».
Хоббиі - сөзжұмбақтар, судоку шешу, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, детективті жанр, танымдық әдебиеттер.
Үйленген. Жұбайы - Сахнова Ольга Федоровна (1966 жылы туған). Ұлы - Владимир (1988 жылы туған); қызы - Николь (2006 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>