Владимир Николаевич Бакулин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Николаевич Бакулин (19.9.1939 жылы туған, Ресей, Камчаткадағы Петропавловск қаласы) — палуан, классикалық күрестен Қазақстанның еңбек сіңерген спорт шебері (1967), жеңіл салмақ (52 кг) дәрежесінде Еуропа (Германия, 1966), дүние жүзі (Румыния, 1967) чемпионы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> 19-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Мехико, 1978). Алматы политехникалық институтын бітірген (1965). 1970 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы. Күреспен 1958 жылдан айналысқан. Алматының “Буревестник” (1962—1965), “Локомотив” (1967—1973) спорт қоғамдарында жаттықты. Жаттықтырушысы — В.А. Псарев.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub