Владимир Иванович Кужель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Иванович Кужель - 1960 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Кужель Иван Иванович, марқұм, энергетик болған. Анасы - Кужель Евдокия Андрөевна, марқұм, теміржолшы болған. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театралды- көркемөнер институтының бітірген (1990), театрдың, телевизияның және киноның қоюшы-суретшісі. 1977 жылдан - Республикалық қуыршақ театрының суретші-бутафоры. 1983 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік акадөмиялық опера және балет театрының декоратор-суретшісі. 1989 жылдан - Эксперименталдық камералық театрдың бас суретшісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қоюшы-суретшісі. 1992 жылдан - Жастар театрында қоюшы-суретші. 1993 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас суретшісі. Франция түсірген «Исчезновение в космосе» (Бортинженер), Ресей түсірген «Господа офицеры» (Майор) кино-фильмдеріне түскен. ҚР Мөмлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Әскери атағы - ефрейтор. Діни көзқарасы - христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Динамикалы дамып келе жатқан, тұрақты саяси жүйесі бар мемлекет». Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Кужель Людмила Викторовна (1958 ж. т.), М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының костюмдер бойынша суретшісі. ¥лы - Кужель Филипп Владимирович (1984 ж. т.); қызы - Кужель Мария Владимировна (1991 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub