Владимир Зелинович Кацев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Medeu- 3.jpg
Медеу мұз айдыны
Кацев Владимир Зелинович <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>(7.9.1929, Украина, Полтава облысы Кременчук қаласы) – сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1972).
  • Харьков инженер-құрылыс институтын бітірген (1953).
  • 1953 – 59 жылдары Магнитогорск жобалау институтында, ал 1959 жылдан Алматыдағы “Казгорстройпроект” жобалау институтында архитектор, 1967 жылдан “Алматыгипрогор” жобалау институты шеберханасының бас архитекторы болды. Кацевтің басқа архитектулармен және суретшілермен бірге жасаған жобасы бойынша Алматыдағы спорт сарайы (1966), цирк ғимараты (1972), “Медеу” мұз айдыны кешені (1972; КСРО Мемл. сыйл., 1975), “Медеу” қонақ үйі” (1975), “Шығыс календары” фонтаны (1979), Алматы қалалық атқару к-тінің ғимараты (1980), қазіргі Алмалы ауд-ның әкімш., Астанада екі жабық теннис корты (1995 – 96), тағы басқа бой көтерді. Әр жылдары Н.Сац Респ. балалар мен жасөспірімдер театрының (С.А. Найденовтың “Ванюшинның балалары”, В.С. Розовтың “Қуаныш іздеу жолында”, тағы басқа) спектакльдерінің декорацияларын жасады. Сонымен қатар қондырғылы кескіндеме саласында да (“Ұлы жібек жолы”, “Менің сүйікті қалам” топтамалары, Респ. орыс драма театры артистерінің портреттері, тағы басқа) еңбек етті. 1961 – 88 жылдары Қазақ сәулет-құрылыс академиясында дәріс берді (1999 жылдан құрметті профессор).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Владимир Зелинович Кацев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}