Владимир Залманович Дрекселер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Залманович Дрекселер 1939 жылы 17 ақпанда УКСР Алупка қаласында туған. Еврей. Әкесі - Дрекслер Зельм Михелевич, марқұм. Анасы - Бершадская Вера Ароновна, марқұм. №6 Қолөнер училищесін (1958), өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтары мен электр құрылғыларын жөндеу жөніндегі электр монтері; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің физика-математика факультетін бітірген (1971), математик. 1955жылдан классикалық күреспен айналысқан. 1958жылдан ауыр атлетикамен айналысқан. 1960 жылдан - ауыр атлетикадан ЖБСМ (Алматы қ.) жаттықтырушысы. 1979 жылдан - Алматы үй құрылысы комбинаты жанындағы ОРБЖСМ директоры. 1985 жылдан - Алматы үй құрылысы комбинаты жанындағы олимпиадалық резервтегі кешенді мектеп директоры. Ауыр атлетикадан ҚазКСР бірнеше мәрте чемпионы (1965-1975); ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының капитаны. 30-дан астам республика рекордын, 6 рет әлем және КСРО рекордын жасаған; КСРО, түрлі халықаралық жарыстардың сан мәрте чемпионы; ауыр атлетикадан 6 мәрте әлем чемпионы. Еңбек сіңірген спортшы, Еңбек сіңірген спорт шебері, 2 мәрте КСРО чемпионы, әлем және Еуропа рекордшысы Вячеслав Чиванинді тәрбиелеген. Гир спорты және армрестлинг федерациясының президенті. Армрестлинг Азия федерациясының вице-президенті. Еңбек сіңірген спорт шебері (1962). Ауыр атлетикадан ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1985). Алматы қаласы Алатау ауданының құрметті азаматы (1988). Құрметті спорт қайраткері (2010). ҚазКСР және КОБОК Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Сүйіп оқитын әдебиеті - психологиялық романдар. Үйленген. Жұбайы - Дрекслер Галина Леонидовна (1944 жылы туған). Қыздары - Юлия (1966 жылы туған), Наталья (1976 жылы туған). 4 немересі бар.

<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub