Владимир Ермаченков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Ермаченков - 1939 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.


1961 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген соң, Шымкент педагогикалық институтында сабақ берген. Одан кейін 40 жылға жуық «Қазақстан», «Жазушы» баспасында редакторлықтан Бас редакторлыққа дейін қызмет атқарды. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде Бас редактордың орынбасары болған, ҚР Ақпарат министрлігінде бас маман болып істеген.

Шығармашылығы

Шығармашылық жұмысы 60-жылдары басталды. «Ешқандай төтенше оқиға болмақ емес» атты тұңғыш жинағы 1979 жылы жарық көрді. Одан кейін «Жер үстіндегі үй» (повестер мен әңгімелер), 1985 жылы «Жез жылуы» романы шықты. Ә.Нүршайықовтың,


Б.Тоғысбайұлының, Е.Әкімқұловтың, Т.Ахметжанның шығармаларын орыс тіліне аударды. И.Шухов, Д. Снегин секілді орыс жазушыларының көп томдығын құрастырып, алғы сөзін жазды.

Жетістіктері

«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}