Владимир Анфианович Нехорошев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нехорошев Владимир Анфианович (1945 ж. т.), инженер-механик, қоғам қайраткері. Қарағанды политехника институтын бітірген (1967). 1968 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында (қазіргі «Миттал Стил Теміртау» ААҚ) істейді. Ауысым бастығы, комсомол, партия қызметінде, комбинат бас механигінің орынбасары, бас социолог болады. 1991 жылдан комбинат кадрлар даярлау бөлімінің бастығы. 2004 жылдан Парламент Мәжілісінін депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің мүшесі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (1999, 2003). II дәрежелі «Достық», III дәрежелі Қасиетті Сергий Радонежский (2010) ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін» (2000), «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. Төс белгісі беріліп, ҚР Президентінің Апғысымен әскерілген.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық, өркендеу». Үйленген. Жұбайы - Нехорошева Ильдия Андреевна (1944). Қызы - Светлана (1968); ұлы - Владимир (1974).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}