Владимир Андреевич Голиков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Владимир Андреевич Голиков(1.4.1938 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1985 ж.), профессор (1990 ж.). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003 ж.).

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1960–92 жылдары Голиков Қазақ ауыл шаруашылық механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім бастығы. 1992–1997 жылдары Қазақ Ауыл шаруашылық ғылыми академиясының механикаландыру және электрлендіру бөлімінің акад.-хатшысы қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығында бөлім меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал азығын дайындайтын агрегаттар (тіркесімдер) мен жұмыс механизмдерін жобалаудың ғылыми-техникалық негіздері мен тәсілдерін жасауға арналған. Оның ғылыми жетекшілігімен жасалған мал азығы цехтарына керекті түрлі машиналар республиканың мал шаруашылығы кешендері мен фермаларында кеңінен қолданылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Wiki


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Владимир Андреевич Голиков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}