Вителлогенез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вителлогенез (сарыуыздану) — жұмыртқа жасушасы (овоцит) сарыуыздануының (қоректік затпен қорлануының) екінші (үлкен өсу) кезеңі, яғни сарыуыздану кезеңі.

Вителлогенез кезеңінде овоциттің сыртқы қабығын құрайтын фолликулалық жасушалар митоз арқылы көбейіп, көпқабатты фолликулалы қабыққа айналады.

Фолликулалық жасушалар сарыуыздың қорлануына қажет қоректік заттарды овоцитке үздіксіз тасымалдайды. Дамып жетілген овоцит органеллалары белсенді қызмет атқарып, жасуша цитоплазмасында сарыуыз қорланады да, органеллалар ядро маңынан цитоплазманың шетіне қарай орын ауыстырады. Осының нәтижесінде жұмыртқа жасушасының қыртысты қабаты түзіледі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вителлогенез|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}