Виталий Леонидович Метте

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Виталий Леонидович Метте (1947-2003), Қоғам қайраткері, ШҚО әкімі (1997-2003).

Өмірбаяны

Метте Виталий Леонидович Зырян ауданының Козлушки ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Севостополь жоғары-әскери инженерлі училищесін үздік тәмамдап, Су асты кемелеріне ядролы энергетикалық құрылғы орнату мамандығы бойынша әскери инженер-механик дипломын алып шығады. Аспапшы, ауысым шебері, аға инженер-технолог, Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) цех басшысы (1974-1989); ҮМЗ директоры, бас директоры(1989-1994); орынбасар (1994-1995), ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары (1995-1996); «Айвидон интернэшинел» фирмасының вице-президенті (1996 – 1997) қызметтерін атқарады. ҚР ғылым мен техника бойынша Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін қатар алып жүреді. 1997 жыл наурыз айынан Семей облысын, кейін мамыр айынан, яғни Семей мен ШҚО біріккен соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды (1997-2003).

Қызметтері

2003 жылдың наурызынан өмірінің соңына дейін «Қазақстан инжиниринг ҰК» ААҚ отандық әскери-өнеркәсіптік холдингінің президенті болды. Ғылым мен техникадан металлургиялық негіз жасап, аса өткізгіш металдардың өнеркәсіптік өндірісін құрғаны үшін Ресей Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атанды. Қазақстан өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағының Президенті. Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақстан ақша құятын жері мен Ұлттық валютаның қалыптасуына да біршама үлес қосқан.

Марапаттамалары

КСРО ҰШЖК (ВДНХ) Күміс медалімен, РФ Мемлекеттік сыйлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі. Гандболдан спорт шебері. Өзін меценат ретінде ұсынып, көптеген мұражай жобаларына қаржылай көмек көрсеткен. Өскемен қаласындағы Андрей Первозванныйдың шіркеуін салуға тікелей араласқан. 2000 жылы мәдениет пен өнер саласында әкімнің сыйлығына ие болды. 2004 жылы наурыз айында Виталий Леонидович 20 жыл бойы (1974-1994) қажырлы еңбек еткен ҮМЗ уран өндірісі ғимаратына мемориалды ескерткіш тақта орнатылды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА

2. Облыс әкімі Парасат орденінің иегері [Мәтін] : [Республикада сіңірген еңбегң үшін Шығыс Қазақстандықтарды марапаттау туралы ] // Дидар. - 1999. - 21желтоқсан Тоқпатаев У. Тұрақтылыққа бастаған жол [Мәтін] : [Халқының құрметіне бөленген Виталий Леонидович Метте елу бес жасқа толып отыр. Шығыс Қазақстан облысын басқарудағы атқарған игі істері туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2002. – 2 қаңтар.- Б.1