Виталий Евгеньевич Чернецкий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виталий Евгеньевич Чернецкий - 1965 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында туған. Орыс. Әкесі - Чернецкий Евгений Валентинович, зейнеткер, Алматы облысы Торғай жөндеу-механика зауытының қызметкері болған. Ленин орденді С.М. Киров атындағы Ленинград орман техникалық академиясын бітірген (1987), орман шаруашылығының инженері. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.

  • 1981 жылдан - Түрген жөндеу-механикалық зауытының слесарь-аспапшысы.
  • 1982 жылдан - Ленин орденді Ленинград орман техникалық академиясының студенті - академияның ғылыми-зерттеу бөлімінің зертханашысы.
  • 1987 жылдан - Лениногор өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорнының (1996 жылдан - Лениногор орман шаруашылығы) инженері, 1991 жылдан - бас орманшысы, *1999 жылдан - орман шаруашылығы директорының м.а., директоры.
  • 2003 жылдан - «Табиғат» МҚК бас директоры.
  • 2004 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық Орман және аңшылық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары м.а., бастықтың орынбасары.
  • 2008 жылдың мамырынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды ретте басқармасының бастығы.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Діни көзқарасы - ұстамды православ христианы.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - И. Ганди.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Зайырлы, құқықтық, қарқынды дамыған, тұрақты мемлекет». Хоббиі - туризм, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар.

Үйленген. Жұбайы - Чернецкая Наталья Юрьевна (1964 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қызы - Чернец- кая Татьяна Витальевна (1990 жылы туған); ұлы - Чернецкий Виталий Витальевич (1992 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub