Вирусты гепатит Д
Вирусты гепатит Д (ВГД) – РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция.
Мазмұны
Этиологиясы
Қоздырғышы Deltavrrus тұқымдасының РНҚ-геномды вирусы: сфера тәрізді, бір жіпті сақина тәрізді РНК-сы бар, спецификалық антиген (HD-an) және сыртқы қабықшасы бар, сыртқы ортаға төзімді болып келеді.
Эпидемиологиясы
Ауру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады.
Патогенезі
Вирус қан арқылы бауыр гепатоциттеріне жетеді. Мұнда оның репликациясы өтеді → вирус гепатоциттерге тікелей цитопатогендік әсер етеді → HDV пен HBV бірге түскенде коинфекция дамиды → HDV қабаттасқанда суперинфекция дамиды → нәтижесінде жедел вирусты гепатит Д дамиды → некроздық өзгерістер немесе цирроздық өзгерістер қалыптасу тән
Патологиялық анатомиясы
- жедел түрінде бауырда айқын некроздану байқалады
- созылмалы түрінде бауырды белсенді қабыну өзгерістерімен қатар циррозды белгілер байқалады
Клиникалық көрінісі
ВГД-ның 2 түрі белгілі:
- коинфекция-жедел аралас гепатит
- суперинфекция- созылмалы В-инфекция үстінен жедел Д гепатит
ВГД-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады:
Түрі | Ауырлығы | Ағымы |
---|---|---|
|
жеңіл (10%)
орташа (45%) ауыр (25%) |
Жедел
Созылмалы |
Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия
Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды:
- қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта)
- қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең
- жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.).
- сарғаю кезеңінде интоксикация синдромы айқын өршиді
- бауыр мен көкбауыр ұлғаяды
- кейбіреуінде ісіну- асциттік синдромы дамиды
- өту бағыты-толқын тәрізді
Асқынулары
Бауырдың клеткалық жедел жетіспеушілігі (БКЖ І,ІІ дәрежесі-прекома, БКЖ ІІІ, ІУ дәрежесі-кома).
Диагностикасы
- клиникалық белгілер
- лабораториялық зерттеулер
- иммунологиялық сынамалар
- анти ВГД, анти ВГД-zdM-ды анықтау)
- спецификалық емес (биохимиялық)
- трансаминозалар, билирубин т.б.
Дифференциальдық диагностикасы
- жедел вирусты гепатит В
- созылмалы BVB-ң өршу кезеңімен
- өт жолдарының ауруларымен
Емі
- госпитализация
- күн тәртібі – төсектік режим
- диета №5 дастархан
- патогенетикалық ем
- симптоматикалық ем
- этиотропты ем
Ауру соңы
- коинфекцияда:
- сауығу (75%)
- летальды (25%)
- созылмалы гепатит
- бауыр циррозы қалыптасады (сирек)
- суперинфекцияда:
- сауығу (сирек)
- летальды
- созылмалы гепатит, бауыр циррозы қалыптасу (70%)
Шығару ережелері
- клиникалық сауығу
- биохимиялық көрсеткіштердің қалыптасуы
Алдын алуы
- парентральды тарау жолдарына қарсы профилактикалық шаралар
- В гепатитке қарсы жасалатын вакцина.
Тағы қараңыз
Әдебиеттер
- Семенов С. И. Кривошпакин В. Г. Саввин Р. Г. Индеева Л. Д., Павлов Н. Н. Хронические вирусные гепатиты B, C, D в условиях Крайнего севера. Якутск, Триада, 2003. — 120 с.
- Микробиология. В.Д.Тимаков,В.С.Левашев,Л.Б.Борисов.
- Микробиология7 Вербина Н. М., Каптерёва Ю. В.
- “Жұқпалы аурулар” А.Қ. Дүйсенова