Винтовка

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Винтовка — ұңғы каналында винтті ойығы бар атыс қаруы. Қарсыластың адам күшін 1000 метрге дейінгі қашықтықта оғымен, ал қолма-қол ұрыста сүңгімен және дүмбімен жоюға арналған. Винтовка оғының бастапкы жылдамдығы 700-900 м/сек., ұшу кашықтығы 2-4 км. Винтовканың негізгі бөлшектері: ұңғы, ұңғы қорабы, бекітпе механизм, құндақ, көздегіш тетік, қарауыл, оқ салатын қорап (магазин), сүңгі. Қазіргі винтовканың калибрі — 6,5-8 мм. Олар автоматгы (өздігінен оқталып, өздігінен атылады) және автоматсыз болады. Автоматсыз винтовка минутына 10-12 оқ шығара алады. Ең көп тараған түрі 5 және 10 оқтық өздігінен оқталатын винтовканың ату жылдамдығы минутына 25 оқ шығаруға дейін барады. Винтовканың оптикалық көздеу тетігімен (атыстың тию дәлдігін арттыру) жабдықталған түрін снайперлік винтовка деп атайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала