Виктор Кузен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}

Сурет:VictorCousin.jpg
Виктор Кузен

Виктор Кузен (Үлгі:Lang-fr; 28 қараша 1792, Париж, Франция — 14 қаңтар 1867, Канны, Франция) — француз философы, тарихшы және саяси қайраткер, Мен де Биран және Пьер Поль Руайе-Коллардың шәкірті, эклектизм мен спиритуализм доктриналарының негіздеушісі, Сорбоннанің профессоры, Франция Ғылым Академиясының мүшесі, 1840 жылы Францияның білім министрі.

Кез келген философиялық жүйе әрқилы ілімдерде болатын "ақиқаттардан" құрылуы тиіс деп қарады. Кузен философиясы Гегельдің идеалистік жүйесінен, Шеллингтің "аян беру философиясынан", Лейбництің монадологиясынан және т. б. идеалистік ілімдерден алынған "ақиқаттардың" эклектикалық құрамасы болып табылады. Материализмнің қарсыласы бола отырып, ол әлемді жаратушы жаратқан туралы көзқарастарға қосылды, ол дүниені мойындады және философия мен дінді ымыраластыруға шақырды. Кузен ілімі Франциядағы идеалистік философияның кейінгі дамуына ықпал етті.<ref>Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6</ref>

Негізгі шығармашылығы:

"Философия тарихы курсы" (1815-29).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер