Виктор Владимирович Радостовец

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Владимирович Радостовец - 1962 жылы 26 қазанда Алматы қаласында туған. 1983 жылы АХШИ-ды бітірген, экономист. Э.ғ.к. (1988), доцент.

  • 1983-85 жылдары - ҚазКСР Геология министрлігі Қазақ тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының инженер-экономисі.
  • 1992-94 жылдары - «Экономист» ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры.
  • 1994-98 жылдары - «Центраудит» шаруашылық есеп орталығының қаржы және аудит жөніндегі директоры.
  • 1998 жылдан - «Центраудит-Қазақстан» тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС директоры.

ҚР Аудиторлар палатасының құрметті мүшесі, Кеңес мүшесі. ҚР Салық кеңесшілері палатасының мүшесі. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» (1997), «Саудада есепті қалай жүргізу керек» (2001), «Бухгалтерлік есептің теориясы және салалық ерекшеліктері» (2000) және т.б. ғылыми кітаптардың авторы.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Жауапкершілік, көргенділік».

Іскер адамның бойындагы құнды қасиеттер: «Адалдық, жауапкершілік,ұқыптылық».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub