Виктор Владимирович Киянский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Владимирович Киянский (20 мамыр 1947 жыл Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Нефорощанка ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Химия ғылымдарының кандидаты (1980). Техника ғылымдарының докторы (1990). Орыс.

Өмірбаяны

  • Ташкент мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген (1970), физик-химик.
  • 1972 жылдан - «Омега» орталық зауыттық прибор жасау зауытының бастығы (Орал).
  • 1983-1994 жылдары - аға ғылыми қызметкер, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университеті химия кафедрасының меңгерушісі.
  • Сол уақытта, 1991-1994 жылдары - ҚР ҰҒА Су-биологиялық проблемалар мәселелер ғылыми орталығы директорының орынбасары.
  • 1996 жылдан - «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
  • 1997 жылдан - ҚР мемлекеттік стандарты сарапшы-аудиторлары Батыс Қазақстан оқыту орталығының жетекшісі.
  • 1996-1999 жылдары - сонымен қатар «Евразия» менеджмент және тілдер институтының ғылым женіндегі проректоры.
  • 1996-2000 жылдары - БҚО әкімінің ғылым және экология мәселелері бойынша орынбасары.
  • 1998-1999 жылдары - ҚР Президентін сайлау кезінде Н.Ә. Назарбаевтың БҚО бойынша сенімді өкілі.
  • 2007 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
  • ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты (1994-1995), мемлекеттік тізім бойынша ұсынылған.

Қоғамдық қызметі

  • БҚО Қазақстан Халқы кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары (1997-2007);
  • Қазақстан Журналистер одағының (1998 жылдан);
  • Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі
  • Батыс Қазақстан ҚХКА төрағасының орынбасары (1997-2007).

Ғылыми жұмысы

  • Химия ғылымдарының кандидаты (1980). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Потенциометрическое титрование электролитов гальванических ванн».
  • Техника ғылымдарының докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Химические сенсоры в потенциометрии».
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университеті химия кафедрасының профессоры (1991 жылдан).
  • Экология және өмір қауіпсіздігі халықаралық академиясының академигі (Санкт-Петербург қ., 1994 жылдан);
  • Халықаралық экология академиясының ХАЭ академигі (1995 жылдан).
  • «Экология, или Рок Приуралья» (1998), «Евразия. Америка. Качество» (1999), «Прикаспийские экологические ассоциации» (2001), «Менеджмент качества - философия конкурентоспособности» (2005), «Социальный ответственный менеджмент изменений - формула успеха» (2006), «Этика и психология в менеджменте аудита» (2002), «Управление охраной окружающей среды по ИСО 14001 и интегрирование систем менеджмента» (2007), «Система управления охраной окружающей среды в схемах таблицах и диаграммах» (2002), «Звездные ритмы Сакена Гумарова» (2008), «Стороны, заинтересованные в готовности к будущему» (2003) кітаптарының; экологиялық менеджмент және сараптамалық химия мәселелері бойынша 300-ден астам мақаланың авторы.
  • Химиялық жартылай өткізгішті сенсорлар бойынша 7 авторлық куәліктік иегері (1989-1990).

Марапаттары

  • «Достық» орденімен (2002);
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен (2008);
  • Қазақстан Халқы ассамблеясының грамотасымен марапатталған.

Отбасы

  • Әкесі - Киянский Владимир Федорович, зейнеткер, жұмысшы болған. Анасы - Киянская Анна Егоровна, зейнеткер, жұмысшы болған.
  • Үйленген. Жұбайы - Киянская Ольга Михайловна, зейнеткер, медицина қызметкері. Ұлы - Киянский Станислав, бағдарламашы; қызы - Киянская Оксана, экономист, халықаралық стандарттар бойынша маман.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}