Виктор Валентинович Аввакумов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Валентинович Аввакумов. 1956 жылы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде туған. Орыс. Әкесі - Аввакумов Валентин Васильевич (1927 жылы туған), зейнеткер, геолог болып жұмыс істеген. Анасы - Аввакумова Любовь Ивановна (1936-1999), геолог. Алтай мемлекеттік мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстарының әдістемесі және оны уйымдастыру, көпшіліктік ойын-сауық және қойылымдар режиссурасы факультетін бітірген (1992), мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырушы-әдіскер, көпшілік ойын-сауық қойылымдарының режиссері. Орыс және неміс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан). 1975 жылдан - А. Александров атындағы Қызыл тулы ән және би ансамблінің әртісі. 1985 жылдан - Павлодар облыстық кәсіподақтары мәдени орталығының директоры. 1997жылдан бері- А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық орыс драмасы театрының директоры-көркемдік жетекшісі. А. Чеховтың «Шағала», А. Островскийдің «Банкрот», С. Беловтың «Бумеранг», т.б. спектакльдерін қойған. Қазақстан Театр қайраткерлері одағы басқармасының мүшесі (2003 жылдан). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Әскери атағы - старшина. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген демократиялық мемлекет». Хоббиі - әдебиет, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, А. Құнанбаев. Үйленген. Жұбайы - Аввакумова Екатерина Васильевна (1960 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Аввакумов Валентин (1984 жылы туған), Аввакумов Дмитрий (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub