Виктор Анатольевич Чекашов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Виктор Анатольевич Чекашов 1958 жылы 24 мамырда РКФСР Волгоград облысының Жирновск қаласында туған. Орыс.

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын (2001) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылдан - Астрахан Бұрғылау жүмыстары басқармасының 3-разрядты слесарь-жөндеушісі, 3-разрядты дизелші-моторшысы. 1980 жылдан - 5-разрядты ӨЖБ жабдықтарды жөндеу женіндегі слесары, ӨЖБ аға механигі, ӨЖБ бастығының орынбасары, Қойнауқаттардан мұнай алуды арттыру және ұңғыларды күрделі жөндеу жөніндегі басқармасының ӨЖБ бастығы. 1991 жылдан - «ҚазӨндірісҚұрылыс» ҚҚБ бастығы. 1992 жылдан - Қойнауқаттардан мұнай алуды арттыру және ұңғыларды күрделі жөндеу жөніндегі басқармасының ӨЖБ бастығының орынбасары, ӨЖБ бастығы. 1997 жылдан - «УРНО и ТК» ЖШС директоры.
  • 2004 жылдан бері - «Каспий маңы машина жасайтын кешені» ЖШС бас директоры. Жаңаезен қалалық Маслихатының депутаты (2003 жылдан). Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. Әскери атағы - кіші лейтенант. Хоббиі - компьютер, авто, катерлер. Сүйіп оқитын әдебиеті - шетел және техникалық әдебиет.
  • 2 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}