Виктор Анатольевич Долженков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Виктор Анатольевич Долженков - 1948 жылы 19 қыркүйекте Алматы қаласында туған.
Хронологиясы
- В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын (1979) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
- Алматы Жоғары партия мектебін (1990) саясаттанушы, әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
- Халықаралық ақпараттандыру академиясының, И.И. Юзвишин атындағы Орталық Азия Ақпараттандыру академиясының академигі.
- 1967 жылдан - «Алматы құрылыс» тресінің №11 ҚҚБ шебері.
- 1970 жылдан - «Алматы тұрғын үйқұрылыс» тресінің №7 ҚҚБ шебері, жұмыс өндірушісі, аға жұмыс өндірушісі.
- 1980 жылдан - «Алматы тұрғын үй құрылыс» тресі 11-ҚМБ- да бас инженер.
- 1982 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы.
- 1984 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы.
- 1986 жылдан - Халық депутаттары Алматы қаласы Фрунзе аудандық Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.
- 1987 жылдан - Коммунистік партияның Алматы қаласы Октябрь аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1989 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Алматы облыстық комитетінің инспекторы, хатшысы, екінші хатшысы.
- 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
- 1995 жылдан - Апматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2008 жылдан бері - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Жетістіктері
- «Құрмөт» (2003) орденімен,
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен (1979) марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>