Виктор Алексеевич Радус-Зенкович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Алексеевич Радус-Зенкович (31.12.1877, Архангельск – 4.10.1976, Мәскеу қаласы) – кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР-інің алғашқы басшыларының бірі.

Өмірбаяны

  • Мәскеу университетінде оқыған.
  • 1902 жылы Иркутск губерниясына жер аударылып, шет елге қашқан.
  • 1903 жылдан РСДЖП мүшесі ретінде партияның әскери ұйымдарында (Николаев, Баку, Мәскеу қалалары) жұмыс істеді.
  • 1908 жылы каторгіге жіберіліп, 1913 жылы Иркутск губерниясына жер аударылған.
  • 1917 жылы Саратов атқару комитетінің мүшесі, “Социал-демократ”, “Известия Саратовского Совета” газеттерінің редакторы.
  • 1918 жылы РКФСР еңбек халкомының орынбасары.
  • 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің төрағасы, ҚАКСР Халкомкеңесінің төрағасы
  • 1921 – 22 жылдары РК(б)П ОК Кирбюросының хатшысы
  • 1925 – 27 жылдары БК(б)П Орталық бақылау комиссиясының төрағасы (Минск қаласы)
  • 1930 – 33 жылы РКФСР еңбек халкомының орынбасары
  • 1933 – 37 жылдары байланыс қызметкерлері одағы ОК төрағасы болды.
  • 1940 жылдан КОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтында жұмыс істеген.
  • 1956 жылы зейнетке шықты.

Марапаттары

  • Ленин орденімен
  • “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Navbox {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}