Викингтер (телехикая)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Үлгі:Телесериал «Викингтер» (ағыл. Vikings)—Майкл Херстың арнайы History<ref>[1]</ref> телеарнасы үшін дайындаған канада-ирландиялық тарихи драма. Тұсаукесері 2013 жылдың 3 наурызына<ref>[2]</ref> сәйкес келді.

Алғашқы тек бір ғана маусым болады деп жоспарланған. Бірақ кейін көрермендердің қолдауымен екінші маусым түсіріле бастады. Әр бөліммен танымалдылығы да артып келеді. Соған орай бесінші, тіпті алтыншы маусымдар жоспарлануда.

Сюжеті

Фильмнің сюжеті тікелей тарихқа қатысты емес, скандинавиялық дастандар мен викингтердің Британия мен Франктердің жерлеріне шапқыншылықтары туралы. Басты кейіпкер викингтердің аңыз көсемі Рагнар Лодброк болып саналады.

1 маусым (2013)

793-жыл, Скандинавия. Каттегат шығанағындағы Каттегат қалашығы. Жас болса да соғысқұмар дандықтар тайпасының ярлы Рагнар ярл Харльдсонға шығысқа шабуды доғарып, теңіз асып әлі барып көрмеген Англияға бару туралы айтады. Рагнарды қандас бауыры батыр Ролло қолдайды. Ролло Рагнарды әйелі Лагертаға сырттай ғашық болады. Дарынды ұста Флокидің көмегімен олар жылдам кеме жасап ярлдың рұқсатынсыз Англияға аттанады.

Толқындар жауынгерлерді Британия Нортумбрия атты жерінің жағалауына әкеледі. Онда викингтер жергілікті шіркейлерді тонайды. Жорықтан кейін Рагнар өзімен бірге тұтқынға түскен оқымысты монахты ала кетеді.

Ярл Харльдсонмен Рагнардың арасындағы араздық арта түсті және ол ярлдың өлімімен аяқталды. Осылайша Рагнар Лодброк жаңа ярл атанып өзіне көп қолдау тапты. Кейін викингтер Англияға шапқыншылықтарын жалғастырды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер