Визильтир Рувим

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Визильтир Рувим – (10.1. 1912. Украина, Житомир облысы, Рогачев ауылы) байланысшы. Ленинградтың электротехникалық байланыс институтын бітіргеннен (1939) кейін Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды облыстарының байланыс басқармаларында басшы қызметтерде болған. 1962-72 жылдары Қарағанды облысы өндірістік техника байланыс басқармасының бастығы болып істеді. Ол басшылық еткен кезде оның тікелей қатынасуымен Қарағанды облысында 4 телевизия орталығы, облыстың аудан орталықтарында автоматты телефон станциялары іске қосылды. Байланыс саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала