Видео-apт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Видео-apт (лат. video — көремін) — постмодернизмнің интерпәндік формаларының бірі. XX ғ. 60 жж. қалыптасты. Видео-aрттың мақсаты шығыстық мистика мен иррационалистік бастаулармен толықтырылып, батыстық технологиялық рационалдықтан арылу үшін сананы «ұлғайту» және көруші сезімдерін интенсивтендіру. Видео-aрттың қолданатын нәрселері материалды заттар емес, олар теледидарлық техника, лазерлік немесе голографиялық қондырмалар арқылы жасалатын визуалдық әлде аудиовизуалдық «объект-еместер» болып табылады. Видео-aрт өкілдерінің пікірі бойынша, осындай «объект-еместер» болмыс субстанциясын электрондық бейнемен білдіріп, төменгі сана тереңдіктерін көрсете және сездіре алады, тұлға назарын оның ішкі тылсым дүниесіне аударады. Осы арқылы объект пен субъектінің дуализімі шешіледі, индивидтің субъективтік сезім толқыныстары шегінде сыртқы заттық дүниемен түтастануы жүзеге асып, батыстық мәдениет жоғалтқан адам бірегейлігі қалпына келтіріледі. Осылай батыс адамдары «Шығыс даналарына» айнала алады, Батыс пен Шығыс инверсиясы жүзеге асады. Видео-aрт өкілдері сананы электрондық құралдар арқылы өзгерту нәтижесінде мәдениетті өзгерте аламыз дейді.<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Видео-apт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}