Вернердің координациялық теориясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Вернердің координациялық теориясы - дегеніміз координациялық валенттілік пен кешенді қосылыс туралы теория. А.Вернер кез келген элемент өзінің әдеттегі валенттілігін толық қанықтырған соң да, тағы да қосымша координациялық валенттілік көрсетуге қабілетті болып келеді деген пікірді білдірді. Нақ осы координациялық валенттілік есебінен кешенді қосылыс түзіледі. Ал Вернер теориясы бойынша әрбір кешенді қосылыстағы ішкі және сыртқы сфера ажыратылады.

Ашылуы

Кешенді қосылыстар туралы түсініктің негізін Швейцария химигі Альфред Вернер ұсынды. Мұны тұрақтандыра отырып, сәтті дамытуға Л.А.Чугаевтің, А.А.Гринбергтің, В.В.Лебединскийдің және т.б жұмыстары үлкен рөл атқарды. 1893 жылы А.Вернер химияға кешенді қосылыс түсінігінің анықтамасын бірінші болып енгізді. Ол мұндай қосылыстарға жоғары реттіліктегі барынша тұрақты қосылыстарды жатқызды, олар судағы ерітндіде құраушы бөліктерге мүлдем ыдырамайды, не болмаса өте аз дәрежеде ыдырайды.

Кешентүзушілер

Айналасына иондар немесе молекулалар түзетін, топтасатын ішкі сфераның орталық атомын кешентүзуші немесе кешен ядросы деп атайды. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды.

Лигандтар

Орталық кешентүзуші ионның айналасына кері зарядталған иондар немесе бейтарап молекулалар болады, оларды лигандтар немесе аддендтар деп атайды.

Координациялық сан

Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны.

Дереккөздер

<ref>Жалпы химия, I том, Алматы-2003 жыл, С.Ж.Пірәлиев, Б.М.Бутин, Г.М.Байназарова, С.Ж.Жайлау</ref>|