Верещагин саздақшөбі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Верещагин саздақшөбі (Lіmnas veresczagіnіі) – астық тұқымдасы, саздақшөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтайдың тасты тау беткейлері мен шалғынды жерлерінде өседі. Биікт. 50 см, қысқа тамырсабақты. Жапырақтары ұзын, жалпақ кейде аздап оратылып тұрады. Сыпыртқысы қысыңқы, ұзындығы 3 – 9 см. Масағы қоңыр сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, жемістенеді. В. с. өте сирек кездесетін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}