Вера Павловна Брыкина
Вера Павловна Брыкина - 1958 жылы 4 шілдеде РКФСР Владимир облысының Муром қаласында туған. Орыс. М.В. Фрунзө атындағы Тоқыма институтының тоқу факультетін (Иваново қ., 1980) инженер-технолог мамандығы бойынша; В.В. Куйбышөв атындағы Белорус мемлекеттік халық шаруашылық институтының өнеркәсіп өндірісі мен құрылысын ұйымдастырушылар факультетін (Минск қаласы, 1985) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша; Марксизм-ленинизм университетінің жаппай саяси жумыс факультетін (1988); ҚМЭБИ магистратурасын (1995) МВА дәрежесімен; Украина мемлекеттік университеті жанындағы жоба менеджменті курсын (2005), «Жоба менеджменті» мамандығы бойынша, ІРМІ дәрежесімен бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
- 1980 жылдан - АММК ЖТФ 1-ші току цехының аға шебері, цех бастығы, дайындау цехының бастығы, тоқу өндірісінің бастығы; АММК жабдықтау және өткізу басқармасының бастығы, өткізу және маркетинг жөніндегі директоры.
- 2000 жылдан - Жібек маталар комбинатының өткізу және маркетинг жөніндегі директоры (Өскемен қ.).
- 2002 жылдан бері - «Firm Kaz Centre» ЖІІІС директоры (Алматы қ.). Алматы қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты (1987-1991). ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы Жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрайымы. «Қазақстанда жасалған» консорциумының басқарма мүшесі.
Діни көзқарасы - христиан.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ұлы Екатерина.
Хоббиі - саяхат жасау, гүл өсіру.
Сүйіп оқитын әдебиеті - дүниежүзі тарихы, дін тарихы, поэзия, эзотерикалық әдебиет.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>