Вениамин Федорович Беспалов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беспалов Вениамин Федорович (26.3.1906, Ресей, Сызрань қаласы — 8.10.1983, Алматы) — ғалым, геология-минералдар ғылымының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1976). Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948).

  • 1931 — 41 ж. Орталық және Оңтүстік Қазақстанда геологиялық картаға түсіру партиясының бастығы болды.
  • 1941 — 43 ж. Ұлы Отан соғысына қатысты,
  • 1943 — 55 ж. Қазақстан геология басқармаларының барлау, геологиялық картаға түсіру партияларында жұмыс істеді.
  • 1955 — 68 ж. ҚазМУ-дің, Қазақ политехникалық институтының доценті,
  • 1968 — 83 ж. Геология ғылымдар институтының тектоника секторының меңгерушісі болған.

Ғылыми еңбектері аймақтың геология мен тектоника мәселелеріне арналған. Беспаланов Орталық Қазақстандағы прекембрий мен төменгі палеозой құрылымдарының ара жігін көрсетті, бірінші вольфрамит кен орнын ашты. Қазақстанның көптеген аймақтарының геология карталарының авторы және редакторы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вениамин Федорович Беспалов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}