Вениамин Михайлович Боговицкий

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Боговицкий Вениамин Михайлович (1907–1981) — жазушы, әскери және партия қызметкері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Кеңес партия мектебін (1928), ауыл шаруашылығы институтының 2 курсын (1935), Әскери-әуе күштері академиясын (1940), дивизиядағы саяси бөлім курсын (1944) бітірген. Еңбек жолын 1920 жылы бастаған. 1930 — 46 жылдары Кеңес армиясы қатарында болған. Әскер қатарынан босаған соң Көкшетау облысы Келлер ауданы Летовочный МТС-ның төрағасы, 1949 жылдан Арықбалық ауданы партия комитетітінің 1-хатшысы, 1954 жылдан Бурабай ауданы Жұмысшы депутаттар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Запастағы полковник. «Крылатая гвардия», «Пятый океан», «Трудная любовь» кітаптарының авторы. Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub