Вениамин Александрович Каверин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вениамин Александрович Каверин (19.4.1902, Псков қаласы) – орыс совет жазушысы, Шығыс тілдері институтын (1923), Ленинград университетін бітірді. Алғашқы әңгімесі 1922 жылы жариаланды. «Тілектің орындалуы»(1934-1936), «Екі капитан» романдары(1938-1944) және «Ашық кітап» трилогиясы(1949-1956) тағы басқа шығармалары жарық көрді. Шығармалардың негізгі идеялық арқауы – совет интеллигенциясының жаңа қоғамдық құрылыстағы үлесі, ескірлікпен күрестегі жеңісі. Каверин кітаптары көптеген шетелдік және КСРО халықтары тіліне аударылды. Оның «Екі капитан» романына(КСРО Мемлекет сыйлығы, 1946) 25 жылды 42 рет басылды, қазақ тіліне шықты(1956 жылы). Каверин 3 орден және медальдармен марапатталды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер