Венера (ғарыштық аппарат)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Венера” (ғарыштық аппарат)Шолпан планетасына 1961 жылдан бастап ұшырылған кеңестік планетааралық ғарыштық аппараттардың (станциялардың) атауы. 1961-83 жылдары “Венера” ғарыштық бағдарламасы бойынша Байқоңыр ғарыш алаңынан барлығы 16 ғарыштық станциялары ұшырылды. Олардың кұрамында ғылыми аспаптар, сондай-ақ, борттық аппаратуралар жиынтығы (бағдарлау жүйесі, Күн энергиясымен қоректендіру жүйесі, тежегіш қондырғы, алыс байланыс пен орбита өлшеудің радио жүйесі, т.б.) болды. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. —Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Массасы 643,5 кг алғашқы " Венера-1" ғарыштық аппараты 12.2.1961 жылы ұшырылды. Ол сол жылдың 19-20 мамыры аралығында Шолпаннан шамамен 100 мың км қашықтықта өтіп, жасанды Күн серігіне айналды. " Венера-2" ғарыштық аппараты (массасы 963 кг) 12.11.1965 жылы ұшырылып, 27.2. 1966 жылы Шолпаннан шамамен 24 мың км қашықтықта өтті. Бұдан кейінгі "Венера" ғарыштық аппараттары Шолпан бетіне қонды ("Венера -З", "В.-14") немесе планетаның жасанды серігіне айналды ("Венера -15", " Венера -16"). 1975 жылы кейін ұшырылған жаңа типтегі "Венера" станцияларының ("Венера 9"-" Венера -16") массасы 4,9-5,3 т болды. " Венера" ғарыштық аппараттарының көмегімен Шолпан атмосферасының химиялық кұрамы, қысымы, температурасы, планета бетіндегі желдің жылдамдығы, планета топырағындағы табиғи радиоактивтік элементтің құрамы, планета грунтының тығыздығы, т.б. жөнінде көптеген құнды мәліметтер алынды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}