Венералық аурулар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ВЕНЕРАЛЫҚ АУРУЛАР [лат. venus (venerіs)— ежелгі римдіктердің махаббат құдайы] — негізінен, жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жиынтық атауы. Оларға соз, мерез, трихомоноз, хламидиоз сияқты 20 шақты аурулар жатады. “В. а.” терминін 1527 ж. француз ғалымы Ж. де Бетанкур ұсынған. Ежелгі Мысыр, Қытай жазба ескерткіштеріндегі деректер бойынша В. а. б.з-дан 2500 ж. бұрын белгілі болған. Бірақ олардың барлығын бір ғана ауру деп есептеген. Ауру қоздырғыштары ашылып, зерттелгеннен кейін ғана (19 ғ.) В. а. жеке түрлерге жіктелді. В. а-дың таралуына кездейсоқ жыныстық қатынас, жезөкшелік сияқты әлеум. факторлар көп әсер етеді. В. а-мен сырқаттанған кісілер есепке алынады, міндетті түрде емделеді, емделуден бас тартатын болса, заң бойынша жауапқа тартылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub