Велимир Хлебников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Велимир Хлебников (в ряде прижизненных изданий — Велемір, Велемир, Velimir; негізгі есімі Виктор Владимирович Хлебников; 28 қазан (9 қараша) 1885 — 28 маусым 1922) — орыстың "Күміс ғасырының" ақыны және прозаигі, орыс алдыңғы қатарлы өнерінің көрнекті қайраткері.

Биографиясы

Виктор Владимирович Хлебников 1885 жылы 9 қарашада (көне стиль бойынша 28 қазан) Астрахань губерниясының Молодобретов ұлысында (қазіргі кезде Малый Дербет ауылы, Қалмық ) дүниеге келген. Әкесі Владимир Алекссеевич Хлебников ұлыс қамқоршысы, орнитолог ғалымы болған. Анасы – Екатерина Николаевна Хлебникова (Вербицкая) тарихшы ретінде білім алған, Народня воля ұйымының мүшесі Александр Михайловтың немере әпкесі болған. Виктор отбасында үшінші бала болатын (кейіннен тағы да екі бала дүниеге келіп, олардың біреуі суретші Вера Хлебникова).

Ертеректегі жылдар (1885—1898)

Сурет:Khlebnikov 1908.jpg
Велимир Хлебников в 1908 году
Сурет:Velemir Khlebnikov 1913.jpg
Велимир Хлебников в 1913 году

Хлебников Петербург қаласында жас ақындармен танысып, оның өз сөздерімен айтқанда богемдік өмір сүре бастады. Осы кезеңде Алексей Ремизов пен Сергей Городец сияқты символистермен танысып, поэтикалық кештерге жиі барады. Орыс халқының тіліне қызығушылық танытып, осы жағдай Ремизовпен жақындасуына ықпал етті. Ремизовтың пәтері Хлебников үшін алғашқы әдеби үй ретінде маңызға ие болды. Осы кезеңде Хлебников шығармаларында славян тақырыбы көрініс табады. Әсіресе «Снежиночка» пьесасында қатысушылардың ішінде Хлебниковтың ойдан шығарылған снезин, смехин, Березомир, Древолюд сияқты пұтқа табынушы тәңірлері көрініс табады. Бұл жағдай символистердің мифтерге деген қызығушылығының жандануына ықпал етіп, осы жылдары Александр Блоктың Ресей тақырыбындағы өлеңдері, Ремизовтың «Лимонарь» және «Пасалон» атты кітаптары мен Городецкийдің «Ярь» және «Перун» атты поэтикалық жинақтары жарық көріп, осы шығармалар қалай да славян мифологиясымен қатысы бар еді. Сол жылдары Вячеслав Иванов былай деп жазған еді: «Мифтерге қызығушылықтың жандануы – біздің поэзиямыздың жаңа, ерекше айқын сипаты болды».

Хлебников 1910 жылдың басында «Өлеңдер академиясына» бармайтын болып, ақпан айында Василий Каменский оны суретші Михаил Матюшин мен оның жұбайы ақын Елена Гуро, ағалары Давид, Владимир және Николай Бурлюктармен таныстырады. Кейін Хлебников Бурлюков отбасының пәтеріне қоныстанады.

Футуристер қозғалысын ресімдеу (1912—1913)

Сурет:A Slap in the Face of Public Taste.jpg
Обложка сборника футуристов «Пощёчина общественному вкусу», 1912
Сурет:Khlebnikov Ryav.jpg
Обложка сборника Хлебникова «Ряв», 1913

Алғашқы ауторлық жинақтар (1913—1914)

Жаңа ізденістер «Уақыт заңдылығы» (1914—1916)

Сурет:Khlebnikov's house in Astrakhan 01 by shakko.jpg
Дом Хлебникова в Астрахани, ныне музей поэта
Сурет:Khlebnikov by Mayakovsky.jpg
Велимир Хлебников, портрет работы Владимира Маяковского, 1916

Хлебников әскер қатарында (1916—1917)

Сурет:Хлебников 1916.JPG
Хлебников в армии в 1916 году

Өмірінің соңғы кезеңдері мен қайтыc болуы (1921—1922)

Сурет:Zangezi.jpg
Обложка книги со сверхповестью «Зангези», 1922

Персиядан оралғаннан кейін Хлебников бір жерде бірнеше айдан көп уақытқа бөгелмей саяхат етуді жалғастыра береді. Бірнеше уақыт Бакуда тұрып, кейін Железноводскта таныстары Самородовтардың үйінде тұрған. Осы жерде «уақыт заңдылықтары» жайлы «Дом судьбы» атты трактатын бітіріп, соңғы жылдары жазған өлеңдері мен поэмаларын баспа үшін реттеп, Мәскеу қаласына аттануға дайындық жасауда еді. Пятигорскта үш ай бойы түнгі күзетші болып жұмыс істейді. «Ночь перед советами», «Председатель чеки» атты поэмалар мен бірнеше өлеңдерін осы шығармашылық өрлеу кезеңінде жазып шығарады. Сандық заңдылықтар мен радио тақырыптарына арналған мақалалары мен А. А. Блок пен Н. С. Гумилевқа арналған азанамалары жарық көреді. Осы кезеңде Хлебников шығармаларында өткенді немесе келешекті бейнелемей, қазіргі өмір сүріп жатқан уақытты маңызға ала отырып, әлеуметтік тақырыптарға да бірнеше өлеңдер жазады.

Шығармашылығының негізгі белгілері

Сурет:B Grigor'ev Khlebnikov in the future 1916.jpg
Б. Григорьев. Хлебников в будущем. 1916. Бумага, карандаш. ГТГ

Хлебниковтың шығармашылығындағы ерекшеліктердің бірі ретінде оның шығармаларындағы өзіндік стильді атап көрсетуге болады. Бұл ерекше лексикасында көрініс тауып (шығармашылығының алғашқы кезеңінде көптеген неологизмдерді ойлап тауып, қолданысқа енгізеді), синтетикалық нормаларды әдейілеп бұзып, кейіптеу, плеоназм және прозопопея сияқты троптарды қолдану арқылы өзіндік қайталанбас стиль қалыптастырған.

Мәдениетке ықпалы және бағасы

Сурет:Velimir Chlebnikov - Als paarden sterven - Apothekersdijk 26, Leiden.JPG
Стихотворение Хлебникова на стене дома в Лейдене, Нидерланд.