Везалий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Везалий (Vesalius) Андреас (1514-1564 ж.ж.) - морфологияның, оның ішінде анатомия ғылымының негізін қалаған "Қайта өрлеу" дәуірінің майталман табиғаттану зерттеушісі, Падуан университетінің профессоры, анатомиялық әдістерді пайдаланып, адам организмін алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі. А. Везалий адам организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылысын жете зерттеп, "Адам денесінің қүрылысы туралы" жеті томдық еңбек жазған (1543 ж.).

Бұл еңбегінде А. Везалий анатомиялық зерттеу әдістері мен морфологиялық номенклатураны жаңа бағытта қалыптастыруға айрықша көңіл бөліп, өзіне дейінгі ғалымдардың морфологиялық зерттеулерде жіберген қателерін жөндеген ғұлама. Ол, әсіресе, өз зерттеулері негізінде К. Галеннің қалыптасқан көзқарастарына түбегейлі өзгерістер енгізді.

Медицинаға қосқан үлесі

Андреас (Андрос) Везалий - ғылыми анатомияның негізін салған ғалым, Италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар жүргізіп, 7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы туралы» (1543) еңбек жазған. Бұл еңбегінде ғалым қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, Қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім мүшелерін жүйелеген. А. Везалийдің көптеген зерттеулері мен еңбектері анатомияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Сондықтан да оны анатомия ғылымының негізін салушы ғалым деп орынды атайды.

<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref> <ref>Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Везалий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}