Вегенер гипотезасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вегенер гипотезасы (жорамалы) — палеозой эрасының аяғына шейін біртұтас болған Пангея деп аталатын алып материк мезозой эрасының бас шенінде бытшыт боп жарылып, жан-жаққа жылжып кеткен, осының нәтижесінде континенттер Жер шары бетінде қазіргідей болып орналасқан делінетін жорамал.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев. </ref> Континенттердің пайда болуы жөніндегі гипотеза. Вегенер бойынша жер қабығының басталу тарихында материктер бір тұтас болып, олар жеңіл жыныстардан құралған. Жердің геологиялық тарихының барысында, жердің айналу күшінің әсерінен жер қыртысында ажырау туғызатын күш пайда болады; міне мезозой дәуірінен бастап бірінші материк жарылып, одан Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка бөлініп шығады; сол сияқты алғашқы материктен Африка, Үндістан, Антарктида, Австралия бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub