Василий Працев Яковлевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Василий Працев Яковлевич (1916 жылдары туған, Ресей, Кантемир ауданы Воронеж облысы Новомарковка с.) – Социялистік Еңбек Ері (20.5.1949). 20 ғасырдың 30-жылдары Шымкент облысының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Георгиевка (Төле би ауданы) ауданының «Победа» ұжымшарына көшіп келген. Осы жерден майданға аттанған. Соғыстан қайтқан соң «Победа» ұжымшарында қызмет етті. 1948 жылдары оның звеносы жоғары сапалы өнім алғаны үшін Мемлекеттік жоғары марапаттауға ие болды. «Ерлігі үшін», «1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және «1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub