Василий Миронович Красов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Василий Миронович Красов (26.6.1911, Украина, Харьков қаласы) – биохимик, биология ғылымының докторы (1964), профессор (1971). Харьков малдәрігерлік институтын бітірген (1932).

Еңбек жолы

Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық эксперименттік ветеринария институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1932–56), Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1956–78) қызметтерін атқарған. «Белки крови животных в норме и при некоторых заболеваниях (Электрофоретические исследования)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері мал биохимиясы мәселелеріне арналған. Красов 5 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub