Василий Васильевич Бирюков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Василий Васильевич Бирюков -(30.12.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысын Көкпекті а. - 1.9.1966, Алматы) - инженер-архитектор. 2-дүниежүз соғысқа қатысқан. 1932 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) азаматтық инженерлер институтын бітірді. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік жобалау (кейін "Казгорстройпроект") институтында қызмет атқарды. Бирюков жобасы бойынша салынған объектілер: Ақтөбе, Қостанай, Шымкент медециналық институттары. Алматыдағы қыздар педогогикалық институты, финанс және Ішкі істер министірліктерінің ғимараттары. Бирюков Қазақстанда алғашқылардың бірі болып сейсмикалық жағдайдағы құрылыс беріктігін зерттеумен шұғылданды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}