Василий Анисимович Бернадский

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бернадский Василий Анисимович (1917-1991), орыс ақыны, журналист. ГУЛАГ-лагеріндегі көп жылғы қуғындаулардан кейін, Қазақстанда қызмет етіп, өмір сңрген. «Жаңа өлеңдер» (1965), «Солтүстік ызғары» (1968), «Күз қуанышы» (1975), «Сеулелі қабырға» (1989) т. б. өлеңдер жинағының авторы. Бірқатар қазақ ақындарының шығармаларын орыс тіліне аударған шебер аудармашы. 1967 ж. 9 желтоқсанда «Вечерняя Алма-Ата» газетінде Әуезовке арнаған «Ол биікті сүйетін» атты өлеңі жарияланды. Ал «Сезге өлім жоқ» деген мақала- сында («Простор», 1964, №1) Әуезовтің адамгершілік қасиеттері жайлы толғана келіп: «Абай Мұхтарға шабыт берді, содан барып ұлы эпос дүниеге келді» деп жазды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub