Василий Андреевич Жуковский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Василий Андреевич Жуковский – орыс ақыны. Орыс әдебиетінде романтизмнің негізін салушылардың бірі.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Помещик А.И. Буниннің заңсыз қалыңдығы – тұтқын түрік қызы Сальхиден туған. 1797 – 1801 жылдары Мәскеу университетінің жанындағы пансионда оқыған. 1812 жылы француз-орыс соғысына қатысты. 1815 жылы патша сарайына алынып, 1826 жылдан Ресей тағы мұрагерінің тәрбиешісі болды. А.С. Пушкинмен таныс болған. Ол өзінің патшаға жақындығын пайдаланып, декабрьшіл ақындардың, Т.Г. Шевченконың, М.Ю. Лермонтовтың, А.С. Пушкиннің жазасын жеңілдетуге көмектесті. Ресейде Орта Азия мен Қазақстанды зерттеумен айналысатын “Азия академиясын” құруды ұсынды. Жуковский 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, көбінесе, шет елдерде тұрды. “Село молалары” атты тұңғыш өлеңі (Т.Грей өлеңінің аудармасы) 1802 жылы жарияланды. “Людмила” (1808), “Светлана” (1808 – 12), “Эол арфасы” (1814) балладалары Жуковскийді ақын ретінде танытты. Жуковский орыс әдебиетінде психол. лириканың негізін салды. Гомердің “Одиссейін” (1849), шығыс эпостарын (“Рүстем – Зораб”, 1847), Байрон, Шиллер шығармаларын орыс тіліне аударды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub