Ван Дейк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ВАН ДЕЙК (van Dyck) Антонис (22.3.1599, Бельгия, Антверпен — 9.12.1641, Ұлыбритания, Лондон) — фламанд кескіндемешісі. Алғашқы ұстазы — Антверпен суретшісі Х. ван Бален. 1618 — 20 ж. П.П. Рубенске көмекші болып орналасты. Одан адамның натуралды кескінін салу шеберлігінің қыр-сырын, озық реалистік дәстүрді үйреніп, өзіндік әдіс тапты. В. Д. 1621 ж. Италияны аралап, Рим, Венеция, Генуя көркемөнерімен танысты. Генуяда барокко рухында салған портреттері оның шығарм-ның шырқау биігі саналады (“Кардинал Г. Бентивальо портреті”, 1623 ж.ш., Флоренция). Ол мұнда Рубенс мектебі мен Венеция көркемөнерінің озық дәстүрін шеберлікпен ұштастырып, жаңа тәсіл тудырды. “Мадонна дель Розарио” (1624, Палермо), “Египетке барар жолдағы демалыс” (1620, Мюньхен), т.б. суреттері — осының айғағы. В. Д. — діни тақырыптағы “Әулие Петрді азаптау” (1615 — 17 ж.ш., Брюссель), “Юпитер мен Антиопа” (1617 — 18 ж.ш., Берлин) атты шығармалардың авторы. Суретші 1627 ж. Антверпенге қайта оралып, әйгілі “Иконографиясын” жариялады. 1632 ж. корольдің шақыруымен Англияға келіп сарай суретшісі болуы оның шығарм. тақырып аясын тарылтып, ойын тұсады. Әйтсе де В. Д. 17 — 18 ғ-лардағы Еуропа көркемөнеріне орасан зор ықпал еткен Рубенс дәстүрін жаңартып, оны ілгері дамытты. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Өмірбаяны

Ван Дейк (van Dyck) Антонис (22.3.1599, Бельгия, Антверпен — 9.12.1641, Ұлыбритания, Лондон) — фламанд кескіндемешісі. Алғашқы ұстазы — Антверпен суретшісі Х. ван Бален. 1618 — 20 ж. П.П. Рубенске көмекші болып орналасты. Одан адамның натуралды кескінін салу шеберлігінің қыр-сырын, озық реалистік дәстүрді үйреніп, өзіндік әдіс тапты.

Ван Дейк 1621 ж. Италияны аралап, Рим, Венеция, Генуя көркемөнерімен танысты. Генуяда барокко рухында салған портреттері оның шығарм-ның шырқау биігі саналады (“Кардинал Г. Бентивальо портреті”, 1623 ж.ш., Флоренция). Ол мұнда Рубенс мектебі мен Венеция көркемөнерінің озық дәстүрін шеберлікпен ұштастырып, жаңа тәсіл тудырды. “Мадонна дель Розарио” (1624, Палермо), “Египетке барар жолдағы демалыс” (1620, Мюньхен), т.б. суреттері — осының айғағы.

Ван Дейк — діни тақырыптағы “Әулие Петрді азаптау” (1615 — 17 ж.ш., Брюссель), “Юпитер мен Антиопа” (1617 — 18 ж.ш., Берлин) атты шығармалардың авторы. Суретші 1627 ж. Антверпенге қайта оралып, әйгілі “Иконографиясын” жариялады. 1632 ж. корольдің шақыруымен Англияға келіп сарай суретшісі болуы оның шығарм. тақырып аясын тарылтып, ойын тұсады. Әйтсе де В. Д. 17 — 18 ғ-лардағы Еуропа көркемөнеріне орасан зор ықпал еткен Рубенс дәстүрін жаңартып, оны ілгері дамытты.

Негізгі шығармалары

• Я. Вермёлен портреті, 1616, Мемлекеттік мұражай, Вадуц

• «Қасиетті Петр», шамамен 1615—1617 жж, Ескі өнер мұражайы, Брюссель

• «Юпитер және Антиопа», шамамен 1617—1618 жж, керемет өнер мұражайы, Гент

• «Иоанн Креститель және Иоанн Евангелист», 1618, Картиналық галерея, Берлин-Далем

• «Мадонна дель Розарио», 1624, Ораторий дель Розарио, Палермо

• «Египетке барар жолдағы дем алыс», 1620 жж аяғы., Эрмитаж, Санкт-Петербург

• Мария Луиза де Тассис портреті, Галерея Лихтенштейн, Вена

• П. Снайерс портреті, ескі пинакотека, Мюнхен

• «Карл I балалары», 1637, Виндзор сарайы

• «Карл I аңшылықта», шамамен 1635, Лувр

• Ф. Уортон портреті, Ұлттық өнер галереясы, Вашингтон

• Дж. Стюарт портреті, Метрополитен-мұражай, Нью-Йорк

Белгісіз сурет

2011 жылдың наурызында Испанияда Ван Дейктің «Дева Мария с младенцем и раскаявшиеся грешники» суреті табылды. Ол 1625 жылы салынып, герцог Медина-де-лас-Торреске арналған екен. Сурет 1808 жылға дейін Эскориал монастырьінде сақталған, кейін керемет өнер корольдік академиясына берілген. Соңғы кездерге дейін ол көшірме саналған.

Дереккөздер

• Лисенков Е. Г., Ван Дейк, Л., 1926

• Смольская Н. Ф. Антонис Ван Дейк, М. — Л., 1963

• Варшавская М. Я. Ван Дейк. Картины в Эрмитаже. — Л., 1963.

• Грицай Н. И. Антонис Ван Дейк. — М., 1979.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ван Дейк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}